Қалада карантин жарияланғалы қоғамдық көліктердің саны да, жүрісі де күрт азайды. Санаулы автобустар таңда тек жеті мен тоғыздың арасында жүреді. Бүгін осы мезгілде аялдамаларда адам қарасы көп болды. Басым бөлігі жұмыстарына жете алмай тұрғандар. Такси тоқтатып әлек. Көп мекемелерде жұмысшыларын тасымалдау жағы жолға қойылмаған. Такси қызметтері де жағдайды пайдаланып, тарифті көтеріп жіберген. Бұл да қарапайым халықтың қалтасына күш түсіріп тұр. Қалада төтенше жағдай, карантин мезгілінде қала өмірін қамтамасыз етуші кейбір мекемелердің жұмыс тәртібі дұрыс жолға қойылмаған. Бұл минустар әсіресе, карантинге қарамастан жұмыс жасап жүрген қарапайым тұрғынға әсер етуде. Мәселен, көшеде адам аяғы саябырсысын деп, қоғамдық көліктердің саны бірінші азайтылды. Кейін автобустардың жүру уақыты шектелді. Енді қара жұмысшылар үйі мен жұмысы арасына жете алмай жүр.
Көп мекемелерде басшылықтары жұмысшыларын карантин аяқталғанша тасымалдауды міндетіне алған. Әйтпесе, қазіргі жағдайда аялдамаларда автобустарды сағаттап күтуге тура келеді. Такси қызметтері тарифті өсіріп жіберіп, қарашаның қалтасына тағы да күш түсті.
Сондай-ақ, Ақтөбе жолаушылар көлігі кәсіпорнының №40,48-ші бағытты автобустары зауыт жұмысшыларын тасымалдауға шыққан. Еске салсақ, қалада қоғамдық көліктер таңғы 7-мен 9, түскі 12 мен 2 және кешкі 5 пен 9 арасында ғана жүреді. Басқа уақытта аялдамада тұру бекер.
Количество показов: 1023
Дата создания: 13.04.2020 18:32:54
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>