Никельтау ауылында темір жолшылар апатты үйде тұрып жатыр
Никельтау ауылынан хабарласқан бір топ теміржолшы барар жеріміз болмаған соң осындай апатты жағдайдағы үйлерде тұрып жатырмыз дейді. "ҚТЖ" АҚ меншігіндегі бұл үйлерге қызметкерлер бірнеше жыл бұрын қол жеткізген. Үйлер әбден тозған, іргетастары ыдырап, қабырғалары опырылып кеткен. Үйлердің техникалық жағдайы жылдан жылға нашарлап барады. Жыл сайын жөндеу жүргізген боламыз. Қабырғалар жарылып кете береді.Тіпті үй құлап, үйінді астында қаламыз ба деп қорқамыз,- дейді тұрғындар. Бұл үйлерді 2007 жылы "ҚТЖ" АҚ филианың басшылары өз жұмысшыларына берген көрінеді. Коммуналдық төлемдерді тұрғындар өздері төлеп тұрады. Үйді күтіп ұстап отырмыз. Компания басшылары жыл сайын келіп суретке түсіріп, құжаттар жасап кетеді. Бірақ іске келгенде жағдай осы,- дейді тұрғындар.Количество показов: 288
Дата создания: 05.06.2024 02:24:36