Індетпен күресте алғы шепте жүрген дәрігерлерге студенттер көмектеседі
Осыған сәйкес бірқатар шаралар қолдануға тура келген. Кеше демалыс күндері дезинфекция жүргізілді. Сонымен қатар, 1926 керуеттік карантиндік стационар дайындалып, қазір 1355 адам емделуде. Алдағы күндері облыс әкімінің тапсырмасымен тағы 200 орындық стационар ашылмақ. Барлық емханалардың жанында күндізгі стационарлар жұмыс істеп, күніге 100-200 адамды қабылдауда. Осыған дейін 200-ге жуық мониторингтік орталықтар құрылып, 4600 нысан тексерілген. 1200 ескерту жасалған. Өңір басшысы науқастарға тек дәрігерлер тағайындаған дәрі-дәрмектерді қолдануға кеңес берді. Алдағы уақытта дәрі-дәрмектерді, медициналық жабдықтарды жеткізу үшін Ресей Федерациясымен бірігіп жұмыс жасалады.
Количество показов: 774
Дата создания: 29.06.2020 19:46:22