Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары қашықтан білім алады
Малика Шүйіншалина үшін биыл ерекше оқу жылы басталып отыр. Үздік оқушы 7 -сыныпқа қадам басты. Алғашқы қоңырау сыңғырын компьютер арқылы әлеуметтік желіден тыңдаған ол- бұл жаңашылдыққа үйреніп аламыз деп отыр. Мектепке қабылдау емтиханында жоғары балл жинаған оқушы бір апта бұрын сынама сабағына қатысқан. Тіпті баға да алып үлгеріпті.
Аталған мектепке биыл Малика Шүйіншалинадан бөлек жаңадан 120 оқушы қабылданған. Бес сыныпқа бөлінген оқушылар таңғы 9 бен түскі бір арасында 20 минуттан сабақ оқиды. Түстен кейін дайындық сабақтары мен түрлі үйірмелерге қатысады. Оқушылардың барлығы "Өркен" білім гранты арқылы тегін оқиды. Мектепте 34 класта барлығы 775 бала оқиды. 7 мен 11 сынып аралағындағы оқушыларға сабақ қашықтан үш тілде жүргізіледі. Мектеп ішіндегі жатақханалар сабақ онлайн болғандықтан ашылмаған. Дегенмен ұстазбен барлық оқушылар бейне, дыбыстық байланыс орната алады. Ай сайын мектеп сайтының платформасында ата-аналар тарапынан жиі қойылған сұрақтарға байланысты тәрбие сағаттары өткізілмек.
Количество показов: 767
Дата создания: 01.09.2020 20:12:43