"Назар аударыңыз, қауіпті жүк"
Жыл басынан бері жылжымалы көліктерді бақылау кезінде 1518 автокөлік құралының жол жүруі тіркелді. Оның ішінде 260 көлік отандық болып табылса, 1258 і шетелдік көлік құралы. Тексеріс нәтижесінде 1472 тәртіп бұзушылық анықталды. Келтірілген шығын көлемі 125,2 млн теңгені құрайды. Облыста жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қауіпті жүкті тасымалдауда тәртіп сақтау мақсатында "Назар аударыңыз, қауіпті жүк" атты профилактикалық іс - шарасы өтуде. Науқан 15 тамызға дейін жалғасады. Айта кетейік, бүгін облыстық көліктік бақылау инспекциясының мамандары "Ақтөбе - Астрахань" тас жолында тексеріс жұмыстарын жүргізді. Көлік құралдарын тексеріп, жүргізушілерді нұсқаулықпен таныстырды.Количество показов: 329
Дата создания: 18.07.2024 05:48:53