Бүгін Ақтөбе халықаралық әуежайы жұмысын бастады. Әзірге Нұр-Сұлтан мен Алматыға әуе қатынасы ашылды. Ұшақ жолаушыларынан ПТР тесттен өткені туралы анықтама талап етілмейді. Билеттер де шектеусіз сатылады. Ақтөбе халықаралық әуежайының қызметі бүгіннен бастап қайта жанданды. Осыдан бір жарым сағат бұрын ақтөбеліктер "Қазақэйр" ұшағымен Нұр-Сұлтанға аттанып кетті. Ал ертең Ақтөбе-Алматы бағыты ашылады. Әзірге осы екі бағытқа ғана әуе қатынасы бар. Ұшу кестесі 17-ші мамырға дейін жасалған. Жаңартылып тұрады. Жолаушы тасымалы күн сайын жүзеге асырылады. Ақтөбе-Нұр-Сұлтан бағытында жолаушы тасымалымен айналысушы "FlyArystan" компаниясы 10-шы маусымға дейін қызмет көрсетпейді. Ақтөбе-Мәскеу рейсін орындайтын "Аэрофлот" 3-ші маусымда жұмысын жандандыруы мүмкін. Халықаралық рейстерді ашу туралы әзірге мәселе көтеріліп жатқан жоқ. Ішкі рейстерде жолаушылардан ПТР тест тапсырғаны жөнінде анықтама талап етілмейтін болды. Оны көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов осы айдың басынан бері әуе кемесімен ұшып келген жолаушылар, әуежай қызметкерлері мен экипаж мүшелері арасында коронавирус инфекциясын жұқтыру оқиғаларының тіркелмегендігімен түсіндірді. Билеттер де борттағы барлық орынға шектеусіз сатылады.
Естеріңізге сала кетейік ковид-19 пандемиясы салдарынан Ақтөбе халықаралық әуежайы бір жарым айға жуық уақыт бойы уақытша жабық тұрды. Алдымен халықаралық әуе қатынасы үзілді. Ішкі рейстер 22-ші наурыздан бастап тоқтады. Бразилиялық Баии федералдық университетінің зерттеушілері осындай шешім қабылдаған мемлекеттер коронавируспен күресте ұтты деп отыр. Олардың есебінше, індеттің тез тарауына халықаралық әуе қатынастары себеп болды. Ғалымдар 65 елдің 7834 әуежайындағы жазбаларды зерттеген. Қауіпті дерттен мейлінше көп зардап шеккен мемлекеттердің әуежайлары мыңдаған рейстер қабылдағаны белгілі болды. Коронавирус құрбандары көп тіркелген АҚШ, Ұлыбритания әлемде әуе тасымалы бойынша бірінші және үшінші орындарда. Екінші орында Қытай. АҚШ әуежайлары наурыз айының соңына дейін жұмысын тоқтатпаған. Ал Ұлыбритания шекарасы еш жабылған жоқ.
Количество показов: 806
Дата создания: 11.05.2020 18:12:09
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>