"Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында!" доктринасы талқыланды
"Нұр Отан" ХДП 15-ші съезге дайындалып жатыр. Бүгін партияның облыстық филиалында кезектен тыс 16-шы конференциясы өтті. Жиында съезге Ақтөбеден аттанатын делегаттар сайланды. Сондай-ақ "Нұр Отан" партиясының саяси доктринасы талқыға салынды. "Нұр Отан" ХДП 15-съезі қарсаңында қазір бүтін өңірде партия конференциялары өтіп жатыр. Әр облыстан съезге қатысатын делегаттар сайлануда. Бүгін "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы ғимаратында өткен жиынға ҚР Парламент сенатының депутаты Сергей Громов, Парламент мәжілісінің депутаты Ерген Дошаев қатысты. Конференция отырысына қатысқандар арасында «Қазақстан - 2050» стратегиясын жүзеге асырудағы «Нұр Отан» партиясының жаңа міндеттері, «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында!» жаңа саяси Доктринасы талқыланды. Құжат өңірлерде жан-жақты талқыланған. Хаықтың пікірі назарға алынды. Ұсыныстар өте көп түскен. Сергей Громовтың атап өтуінше қазақстандықтар аса белсенділік танытты. "Нұр Отан" партиясының 15-ші съезі 18 қазанда өтеді. Оған Қазақстанның барлық өңірлерінен 1200-ге жуық адам қатысады деп жоспарланды. Съезд екі күнге жалғасады. Алғашқы күні секциялық талқылаулар, екінші күні партия көшбасшысы Н.Назарбаевтың төрағалық етуімен пленарлық мәжіліс өтеді. |
Количество показов: 3339
Дата создания: 26.09.2013 18:02:54