«Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жастармен кездесті
Бүгін қаламызға «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек келді. Астаналық мейманның Ақтөбедегі алғашқы сапары политехникалық колледжден басталды. Мұнда ол жастармен кездесіп, аталмыш білім ордасының қазіргі тыныс тіршілігімен танысты. Қазір елімізде "СТОП Қылмыс" республикалық науқаны қызу жүруде. Бұл шара кәмелетке толмағандар арасында орын алатын қылмыстың алдын алуға бағытталған. Бүгін аталмыш акция көшбасшылары Бауыржан Байбекке осы бағытта атқарылған жұмыстар жайын баяндады. Ақтөбеде "СТОП Қылмыс" республикалық науқаны әсіресе "Жас отан" жастар қанаты тарапынан жоғары қолдау тапқан. Осы шара барысында жас отандықтар қаладағы бірнеше оқу ордасында болып, салауатты өмір салтын сақтауға қатысты бірқатар үгіт насихат жұмыстарын да жүргізіпті. Ал жасөспірімдер қылмысын анықтау үшін арнайы рейдтер өткізілген. Нәтижесі де жоқ емес. Әрбір рейд барысында жас отандықтар 15-20 қылмыстың бетін ашып отырған. Бауыржан Байбек акция барысында атқарылған жұмыстарға өз ризашылығын білдіріп, жас отандықтардың алдына тағы да бірқатар нақты тапсырмалар қойды. Колледждегі жастармен болған кездесуден кейін Бауыржан Байбек Ақтөбе ферроқорытпа зауытына барды. Мұнда астаналық мейман салынып жатқан 4 цех құрылысымен танысты. Жоба мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асуда. Зауыт әлемде теңдесі жоқ феррохром өндірісінің технологияларымен, сондай-ақ тоқ пештерінің жаңа үлгілерімен жабдықталған. Нысанды іске қосу 2013 жылдың 4-тоқсанына жоспарланып отыр. |
Количество показов: 2190
Дата создания: 09.04.2013 19:08:02