"Нұр Ақтөбедегі" 5 пәтерге үміткерлерден өтініштер 9-шілдеде қабылданады
"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде" салымы бар ақтөбеліктер "Нұр Ақтөбе" ауданындағы бес пәтердің бірін алу үшін іріктеуден өте алады. Өтініштер шілденің 9 мен 22 аралығында қабылданады. Бұлар - осы жылдың тамызында тапсырылатын бір бөлмелі пәтерлер. "Нұр Ақтөбе" ауданындағы алғашқы екі үй салынып болды. Жаңа ауданның тұрғындары шілде-тамыз айларында пәтерлеріне қоныстанады. №10, 11 үйлерде жалпы саны - 607 пәтер бар. Оның 580-нің иесі анық. 15 пәтер жалға берілетін болып шешілді. Ал, қалған 5 бір бөлмелі, 5 екі бөлмелі және 2 үш бөлмелі пәтерлер келесі аптада үлестіріледі. Сол ауданда тағы үш үйдің құрылысы аяқталуға жақын. №12,15 және 16 үйлерде барлығы - 752 пәтер. "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде" есепшот ашып, ақша жинап жүрген тұрғындар осы пәтерлерден де үміттене алады. Өтініштер тамыздың 9-на дейін қабылданады. Ал, пәтер кілттері желтоқсан айында беріледі. "Қол жетімді баспана-2020" бағдарламасы арқылы салынып жатқан бұл үйлерден кез-келген отбасы несиеге жылдық 6,5-8 пайыздық мөлшерлемемен пәтер сатып ала алады. Тек ол отбасы иесінің атында жылжымайтын мүлік болмауы тиіс. Болған жағдайда да, әр отбасы мүшесіне 15 шаршы метрден аз келсе, мүмкіндік бар. Тағы бір шарт - үміткер ел азаматы және қалада 2 жыл тіркелген болуы керек. |
Количество показов: 2004
Дата создания: 03.07.2013 19:01:26