Мол ылғалдан егін сапасы нашар
Мол жауған жауын-шашын биылғы егіннің сапасын нашарлатып отыр. Былтырғымен салыстырғанда, биыл ауа-райы ылғалды болды. Бұл туралы бүгін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы егіншілік бөлімінің басшысы Асылхан Алтиев айтты. Биыл облыс бойынша 430 мың га жерге тұқым себілген. Егін жинау жұмыстары қазір қызу жүріп жатыр. Биыл түсім жақсы дейді, ауыл шаруашылығы мамандары. Әр гектардан диқаншылар орташа есеппен 5,3 центнерден алуда. Егіні бітік шыққан аудандардың қатарында Әйтеке би мен Қарғалы бар. Ал Алға, Хромтау және Қобданың астығының жағдайы мәз емес. Түсім 3 центнерден аспай отыр. Егін жинау жұмыстары қыркүйектің аяғына дейін жалғасады. Жиналған астық облыстағы элеваторларда сақталатын болады. 10 элеватор қазір сақадай-сай тұр дейді мамандар. |
Количество показов: 2109
Дата создания: 11.09.2013 19:59:02