Миында қатерлі ісік бар Меруертке қаржылай көмек қажет
Үш жастағы Меруерт Нұрманованың тағдыры қыл үстінде. Миында қатерлі ісік бар жеткіншекке Израильде ота жасату үшін 60 мың АҚШ доллары қажет. Меруерттің өмірін сақтап қалу үшін анасы халықтан көмек сұрауға мәжбүр болып отыр. Ана құрсағында жатқанда Меруерттің денсаулығынан дәрігерлер еш кінарат таппаған. Жарық дүниеге келгеннен соң екі жасқа дейін бүлдіршін ойнап- күліп, берген асты ішіп, дені сау балалардың қатарында болыпты. Анасы Гүлназдың айтуынша, екі жастан кейін Меруерт талықсып, ес - түссіз күйге түсуін жиілеткен. Бірден медициналық тексеруден өткізіліп, миында қатерлі ісіктің бар екендігі анықталды. Былтыр ғана арнайы квотамен Астанада ота жасалыпты. Алайда бұл қаршадай қыздың өміріне төнген қауіпті сейілте қойған жоқ. Меруерт толық емес отбасында тәрбие алып жатыр. Үкіметтен мүгедектігіне берілетін жәрдемақы көлемі 39 мың теңге. Анасы Гүлназ болса жанын шүберекке түйіп қайырымдылық қоры, қоғамдық бірлестік өкілдерінің жанашырлық танытуын өтінген. Өткен Рамазан айында шарасыз сәбидің тағдырына алаңдап, қол ұшын созғандар да тым аз. Израиль дәрігерлері Меруертке ота жасауға бірден келіспепті. Тек бір ғана мүмкіндік берген. Алғашқы отадан миындағы ісік тек 5 см- ге азайыпты. Енді дерттен біржола құтылу үшін қайырымды жандардың көмегі қажет. |
Количество показов: 2866
Дата создания: 23.08.2012 18:49:53