«Мерей» сауда үйінің төбесі өртенді
Кеше күндізгі сағат үштерде құрылыс материалдары сатылатын "Мерей" сауда үйінің төбесі өртенді. От нысанның екінші қабатындағы төбе қаптамасында тұтанған. Ғимарат ішіндегі 250 адам түгелдей қауіпсіз аумаққа шығарылды. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өрт электр қалқанының қысқа тұйықталуынан шығуы мүмкін деген алдын-ала болжамды алға тартады. "Мерей" сауда үйіндегі өрт кеше сағат 14:58-де басталған. Нысанның төбе қаптамасы жанды. Қызыл жалын лезде 200 шаршы метр аумаққа таралып кеткен. Төбесінен қара түтін будақтаған ғимаратқа өрт сөндіру қызметінің мамандары алты техникамен тез жетті. Өрт сөндірушілерге кедергі келтірмеу үшін сауда нысаны орналасқан көше екі жақтан жабылды. Әрі жанып жатқан ғимарат құрылыс материалдарына толы болғандықтан, қауіпсіздік шаралары ескеріліп, жақын маңдағы көліктерді алысқа әкетілді. Сол мезетте сауда үйінің ішінде болған барлық адам қауіпсіз жерге шығарылды. Зардап шеккендер жоқ. Бірақ, сатылымда тұрған жиһаздар мен құрылыс материалдарының бір бөлігі зақымданды. Тауарлардың көбі оттан емес, өрт сөндірушілер шашқан судан бүлінген. Кәсіпкерлер шығын мөлшерін есептеуге кірісті. "Мерей" сауда үйіндегі өрт электр қалқанының қысқа тұйықталуынан шығуы мүмкін. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері алдын-ала осындай болжам жасап отыр. Мамандар ғимаратқа қасақана от қою нұсқасын да жоққа шығармайды. Егер соңғысы расталса, іс ІІД-не жолданады. Айта кетер жайт, бұл жыл басталғалы сауда үйінде орын алған екінші өрт оқиғасы. Бұдан бірер ай бұрын Хромтау қаласында сауда орталығы өртенген болатын. |
Количество показов: 2418
Дата создания: 08.04.2013 18:52:29