Мереке күндері отырыстар мен ертеңгіліктер өткізуге рұқсат етілмейді
Санитарлық талапты бұзғандарға айыппұл салынады. Айта кетейік, бұл айда 19 нысанға тексеру жүргізіліп, 18-іне 5 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Оның ішінде 13 нысан шектеу шараларын бірнеше рет бұзған. Сәуір айынан бері санитарлық талаптарды орындамағандарға 169 миллион 700 мың теңгеге айыппұл салынған. Ал мереке күндері де отырыс-жиындар, ертеңгіліктер өткізуге тыйым салынды.
Өңір "жасыл" аумақта болғанымен күн сайын коронавирус пен пневмония індеті тіркелуде. Айта кетейік, соңғы тәулікте облыста коронавирус бойынша 4, пневмония бойынша 2 жағдай тіркелді. Жалпы облыста қауіпті індетпен 3669 адам ауырып, олардың 95 пайызы емделіп шықты. Сәуір айынан бері аурудан көз жұмғандар да аз емес. Айта кетейік, қалаға екі автобекет арқылы шетелден кіргендер арасында көктемнен бері 47 адамнан коронавирус анықталған. Олардың 26-сы транзиттік көлік жүргізушілері болса, 21-і жолаушы. Сондай-ақ, сәуір айынан бері 200 мыңнан астам адам ПТР тест тапсырған.
Количество показов: 634
Дата создания: 28.12.2020 19:51:37