Мереке қарсаңында жас жұбайлар некесін қидырды
Мереке қарсаңында ақтөбеліктер некесін қиюға әуес. Қалалық Әділет басқармасының ақпаратына сәйкес, мұндай күндері АХАТ бөліміне келуші жас жұбайлардың саны тым көп. Мереке қарсаңында некесін қидырып жатқан мына бақытты жұптар- Мұрат Жұмағазин мен Жанна Өміровалар. Алдағы өмірде жұптарын жазбауға бір біріне уәде берген жас жұбайлар бүгінгі күнді таңдағандарына дән риза. Мұрат Жұмағазин енді жылдар бойы Ата заң күнін ерекше тойлаймыз деп ағынан жарылды. Қалалық Әділет басқармасы АХАТ бөлімінің мәліметіне сәйкес, күнтізбедегі қызыл күндері отбасын құрғысы келетіндердің саны еке есеге артады. Жыл басынан бері 3337 жұп некесін қидырған. Бүгінгі некелерін қидырған жас жұптарға салтанатты неке қию рәсімі өткізілді. |
Количество показов: 2207
Дата создания: 29.08.2013 18:24:42