Меншік иелері бірлестігінің жұмысы нәтижелі
Бұл көп қабатты үй жарты ғасыр бұрын салынған. Тұрғындар меншік иелері бірлестігі құрылғалы көзіміз ашылды, дейді. Олар Ақтөбеде меншік иелері бірлестігін бірінші болып құрған. Жеделсаты болмаған уақытта жоғары қабаттарда тұратын балалы отбасылар мен қариялар қиналды. Ескі лифт орнына су жаңасы орнатылған. жеделсаты жоғары -төмен сырғып тұр. Жеделсаты несиеге қондырылған. Тұрғындар қарызды 10 жыл ішінде төлеуге келіскен. Үйде барлығы 34 пәтер бар. 9 миллион 100 мың теңге несиені жабу үшін әр пәтерден айына 2700 теңгеден жиналады.
Жарты жылдың ішінде подъездердің едені қалпына келіп, электр желілері қапталған.
Қалалық тұрғын үй инспекциясының меңгерушісі Ақнұр Қазбаеваның сөзінше, мына адамдардың бастамасы қаладағы барлық көп қатарлы тұрғын үйлерге үлгі болуы керек.
Айта кету керек, меншік иелері бірлестігі үйдегі тұрғындардың 70 пайызы келіскенде ғана құрылады. Әбілқайыр хан даңғылындағы №43- үйдің тұрғындары енді үйлерінің сыртын қаптатқысы келеді. Ол үшін қалалық әкімдіктен көмек сұрап отыр. Үйдің сыртқы сызбасы қалалық сәулет бөліміне жолданды.
Количество показов: 641
Дата создания: 13.04.2021 19:20:53