Мемлекеттік қызметкерлер жұмыстың бір күнін қан тапсыруға арнады
"Өмірге үміт сыйла". Бүгін облыстық қан орталығында осындай акция басталды. Мемлекеттік қызметкерлердің ішінен алғаш болып облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мамандары қан тапсырды. Әр адамнан кем дегенде 350-400 грамм қан алынуы тиіс. Донор болған қызметкерге жұмсалған энергия мөлшерін қалпына келтіру үшін тәтті нан мен шай ұсынылады. Сондай-ақ, орталықтан қан тапсырғандығын растайтын анықтама беріледі. Сол құжат бойынша ол бір күнге жұмыстан босатылады немесе оның еңбек демалысына бір күн қосылады. Қан алушы дәрігерлердің айтуынша, қазір 1,2 және 3 топтық теріс мәнді қан сирек кездеседі. Қаны осы топқа сәйкес келетін ақтөбеліктер донорлыққа асыққандары жөн. Конституция күні қарсаңында бастау алған акция жыл соңына дейін жалғасады.
Количество показов: 2630
Дата создания: 22.08.2012 21:26:44
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>