Бүгін облыстық әкімдікте мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жанындағы қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Жиында қоғамдық кеңес ұсыныстарының орындалу барысы, тексеру, сараптама нәтижелері жария етілді. Мемлекеттік қызмет көрсету талаптары жиі бұзылады. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жанындағы қоғамдық кеңес бұл мәселені 31-шілдеде өткен отырыс барысында талқылап, бірнеше ұсыныс айтқан. Осы ұсыныстардың орындалу барысы туралы қоғамдық кеңес хатшысы Илья Пак айтып берді. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу деректері де бар. Тиісті 30 күннен асыру заңсыздық.
Бұдан бөлек сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысты ынтымақтастық туралы ашық келісімін жүзеге асыру жолдары қарастырылды. Бұл орайда БАҚ-мен етене жұмыс жасауға ұсыныс жасалды.
Количество показов: 2223
Дата создания: 07.12.2015 17:54:48
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>