Мемлекеттік сот орындаушылары Бестамақтағы шошқа фермасының жұмысын тоқтатты
Бестамақтағы шошқа фермасының жұмысшылары қожалықтағы бірқатар олқылықтардың орны толтырылып, тазалық мәселесіне көңіл бөліне бастағанын жеткізді. Тіпті олар жануарлардың қалдықтары мен көңнен тозаңдандырғыш зат жасап, ауылшаруашылығымен айналысушыларға арзан бағамен бермекші. Ол үшін арнайы цехтың жұмысын жандандыру қолға алыныпты. Дегенмен, Бестамақтағы шошқа фермасы қожайынының тексеруші органдардың ескертулерінен еш нәтиже шығармағандығы белгілі болды. Оларға өткен жылы ескерту жасалған екен. Естеріңізге сала кетсек , қожалық бірнеше жыл бойы шошқа сойып, оның қалдықтарын жерге көміп , шайынды суын жақын маңдағы өзенге ағызып келген. Қаңтар айынан бері үйқамақта отырған қожалық иесі Гайк Тертерян экологтар салған 7 млрд теңге айыппұлмен келіспейтінін айтады. Ол ферма жабылса, «ҚазАгроҚаржы» АҚ- нан алынған миллиардтаған қаражатты қайтара алмайтынын айтты.
Количество показов: 806
Дата создания: 12.04.2021 19:56:03