Мемлекетке бережақ тұрғындар іздестіріліп жатыр
Сот орындаушылары борышкерлердің ізіне түсті. Жол сақшыларымен біріккен олар көшедегі көліктерді тоқтатып, иелерінің мемлекетке қарызы бар немесе жоқтығын тексеріп жатыр. Алименттен жалтарғандар, жол ережесін бұзып, айыппұл өтемей жүргендер, жер, мүлік, техника салығын төлеуді ұмытып жүргендер, облыс бойынша жалпы мемлекетке қарыз болып қалған тұрғындар іздестірілуде. Соттың үкімімен бережақтарды өндірумен мемлекеттік сот орындаушылары айналысады. Рейд жүргізу үшін Әбілқайыр хан даңғылы ең қолайлы орын. Іздеген адамды осы көшенің бойынан табуға болады. Жол полициясы қызметкерлері көліктерді бірінен соң бірін тоқтатып жатыр. Сот орындаушылары болса көлік иесінің аты-жөнін мәліметтер базасына салып, оның қарызы бар-жоғын тексерді. Егер мемлекет алдында қандай да бір қарызы барлығы расталса, хаттама толтырылып, көлік сол жерден айып тұрағына әкетіледі. Айына мұндай рейд 2-3 мәрте жүргізіліп тұрады. Күніне 4 көлікке дейін айып тұрағына тоғытылады. Қарыздарын өтеп болған соң ғана көліктері иесіне қайтарылады. 2009 және 2011-жыл аралығында 21 мың 300 ақтөбелік мемлекетке 160 миллион теңге бережақ болып қалған. |
Количество показов: 3008
Дата создания: 14.11.2012 18:57:03