"Мектепке жол" акциясы қалалық орталық мешітте жалғасты
Қайырымдылық акциясында 50 оқушыға сөмке сыйланды. Қалалық орталық мешіттен үнемі көмек алып тұратын Әлия Елеусінованың екі баласына да сөмке берілді. Үйімде ғаламтор мен компьютер болмағандықтан балалар мектепке барып оқып жүр деген келіншек, олардың денсаулықтарына алаңдайтынын айтты. Жылдағы дәстүр бойынша тамыз, қыркүйек айларында "Мектепке жол" акциясы қарқын алады. Жергілікті кәсіпкерлер тұрмысы төмен отбасылардың балаларына мектеп құралдарын алып беруге ынталы. Бұл үрдіске шаһардағы алты мешіт те атсалысып жатыр. Мектеп сөмкелерінің іші оқушыға қажетті сызғыш, қалам, қарындашпен толтырылған. Төменгі сынып оқушыларына арналған арнайы дәптерлер де салынған. Акция ұйымдастырушылары ай соңына дейін тағы бір қайырымдылық іс өткізуді жоспарлаған.
Количество показов: 841
Дата создания: 04.09.2020 20:18:18