Мектеп оқушыларына бақылау күшейтілді
15 жастағы қыздың өліміне қатысты жантүршігерлік оқиғадан кейін қаладағы мектеп оқушыларына бақылау күшейтілді. Қала әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева мектеп директорларын шұғыл жинап, оларға нақты тапсырмалар берді. Педагогтар ата-аналардан балаларын жақын туыстарына да сеніп тапсырмауды талап етуде. Ғаламтордағы ақпараттық сайттарда Ақтөбеде мектеп оқушыларына коменданттық сағат енігізілді деген мәлімет тарап кетті. Оны жоққа шығарған қалалық білім бөлімінің басшысы қыз баланың қазасынан кейін бақылаудың шын мәнінде күшейтілгендігін жеткізді. Бірінші сынып оқушыларын сабақтан соң үйге тек ата-анасы ғана жеткізуі керек. Балаларды көршіге немесе таныстарға тапсыруға тиым салынды. Үлкендердің қадағалауынсыз балалар мен жасөспірімдер кешкі сегізден соң көшеге шыға алмайды. Мектеп оқушысы тек қана өз үйінде түнеуі қажет. |
Количество показов: 2016
Дата создания: 12.10.2013 19:29:28