Мектеп бітіруші сыныптар сабағын дәстүрлі форматта жалғастырады
Мектеп оқушыларының қысқы демалысы аяқталды. Дүйсенбіде сабақ басталады. Бұл тоқсанның ерекшелігі - 9-шы, 11-ші сынып санитарлық талаптарды сақтай отырып, аралас оқу форматына көшеді. Яғни, мектеп бітіруші сыныптар пәндердің 70 пайызын мектепте, 30 пайызын қашықтан оқиды. Мамандардың айтуынша, мектеп кабинеттері, мұғалімдер толық дайын.Айта кетейік, қалада 84 жалпы білім беретін және 2 кешкі мектеп үшінші тоқсанды бастайды. Сондай-ақ, Жұлдыз Шалабаева бастауыш сыныптарда орыс тілді педагогтардың жетіспеушілігі бар екенін жасырмады. Бұл мәселені шешу үшін жұмыстар жүргізілуде. Қазір қалада 5 мыңға жуық педагог бар.Шаһардағы білім ордаларының бірі - "Нұр Ақтөбе" мөлтек ауданындағы №60- жалпы білім беретін мектеп 5 жыл бұрын оқушыларға есігін айқара ашты. Үшінші тоқсанда 9,11-ші сыныптар үшін 21 топ ұйымдастырылған.Мектеп басшылығының есебі бойынша, үшінші тоқсанда мектепте мыңнан аса бала білім алады. Білім ордасында 277 педагог еңбек етеді. Сондай-ақ, мекеме басшысы мұғалімдердің жүктемесі көп екенін атап өтті.Білім ордасы 2400 оқушыға арналған. Қазір мектепте 4 мыңға жуық оқушы үш ауысымда білім алады. Мұғалімдердің айтуынша, қашықтан оқыту кезінде балалардың білімін бағалау біршама қиындық тудырған. Қазір онлайн форматқа үйренген балалар қиындықтарды да еңсерген. Ұстаздар қашықтан оқитын балалардың оқу үлгерімі жақсарғанын да атап өтті.
Количество показов: 708
Дата создания: 08.01.2021 18:50:49