Мекемелердегі пандустар тексерілді
Ақтөбеде былтыр пандусы жоқ және пандустың биіктігі мен ені талапқа сай келмейтін 17 мекеменің әрқайсысына 50 айлық есептік көрсеткіш көдемінде айыппұл салынған. Бұл - 106 мың теңге. Соған қарамастан мемлекеттік мекеме басшылары мен кәсіпкерлер кемшіліктерді жоюға асығар емес. Бүгін облыстық драма театры, теміржол ауруханасы, облыстық қан орталығы мен С.Бәйішев атындағы кітапханалар да тексерілді. Бәрінде де пандус бар. Бірақ, ұсақ кемшіліктері жеткілікті. Басшыларына ескерту жасалды. Рейд келесі айда тағы да жүргізіледі. Қалада мүгедектердің кіріп-шығуына бас ауыртпайтын мекеме басшылары әлі де көп.
Количество показов: 2120
Дата создания: 05.10.2017 19:24:11