"Мега-Ақтөбеге" кезекті рет "бомба қойылды"
Бүгін «Мега-Ақтөбе» сауда ойын-сауық орталығына тағы да жарылғыш зат қойылды. Хабар алған бойда оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары орталықты қоршауға алды. Жедел жәрдем мен төтенше жағдайлар қызметі де жетті. Ойын-сауық орталығына көліктер де, адамдар да жіберілмеді. Осы оқиғаға байланысты облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі ақпарат беруден бас тартты. Айта кетейік жыл басынан бері "Мега Ақтөбе" сауда ойын-сауық орталығына бомба қойылғаны туралы төрт мәрте жалған ақпар түскен. Қоңырау шалғандар түрлі мерзімдерге бас бостандықтарынан айырылды. |
Количество показов: 1984
Дата создания: 14.08.2013 18:30:52