Медиацияны дамытуға арналған семинар өтті
Бүгін Қазақстан Халқы Ассамблеясында "этносаралық қатынастар саласындағы медиацияны дамыту" тақырыбында семинар -тренинг өтті. Семинар мақсаты- адамдар арасындағы қандай да болмасын дау-дамайды ушықтырмай, мәдениетті түрде шешу. Әр ауданнан жиналған 30-дан аса медиаторлар және басқа ұлт өкілдері тәжірибе алмасып, біліктілігін арттырды. Әр мәселенің шешімі бар, тек қарама-қарсы тарап бір-бірін тыңдап, келісімге келсе болғаны дейді сарапшылар.Количество показов: 333
Дата создания: 20.06.2024 07:32:17