Күз түскеннен тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекциялар белең ала бастайтыны белгілі. Еліміздің ақ халаттылары биыл короновирус инфекциясы осы маусымдық вирустық аурулармен бірге өршуі мүмкін, деп дабыл қағуда. Сондықтан, тұмауға қарсы жаппай екпе жасау кампаниясына дайындық басталып та кетті. Облыстың денсаулық сақтау басқармасы Ресейде шығарылған екпелердің 90 мыңнан астам дозасын күтіп отыр. Сөйтіп, қыркүйек айында тұмауға қарсы екпе жасау науқанын бастауды жопарлауда. Облыста тұмауға қарсы екпелерді қыркүйек және қазан айларында жүзеге асыру жоспарлануда. Қазір жергілікті қазынадан бөлінген 68 млн теңгеден астам қаражатқа Ресейде шығарылған вакцинаның 98 мың дозасы әкелінеді деп күтілуде. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бұл өңір халқының 10 пайызын қамтуға мүмкіндік береді. Мамандардың айтуынша, күн суытқан кезде короновирус инфекциясы маусымдық вирустық аурулармен бірге өршуі мүмкін. Сол себептен, созылмалы ауруы бар азаматтар профилактика ретінде салынатын тұмауға қарсы екпені алғаны жөн.
Өңір тұрғындарының 10 пайызы тегін вакцинацияланса, тұмаудың алдын алғысы келген əр адам қалауы бойынша ақылы түрде екпе жасата алады. Егу жекеменшік вакцинациялау орталықтарында, тұрғылықты жері бойынша егу кабинеттерінде жүргізілетінін айта кеткен жөн.
Количество показов: 786
Дата создания: 21.08.2020 19:00:07
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>