Маусымдағы орташа айлық жалақы облыс бойынша 97 мың теңгені құрады
Айлығымыз шайлығымызға жетпейді. Қала тұрғындарының көпшілігі осындай пікірде. Ал облыстық статистика департаменті мамандарының мәліметінше, өткен аймен салыстырғанда облыс бойынша, бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 1,4 пайызға өскен. Маусым айындағы бір қызметкердің орташа айлығы облыс бойынша 97 330 теңгені құраған. Бұл - жалақы мөлшерінің былтырғымен салыстырғанда 4,8 пайызға өскендігін көрсетеді. Облыс бойынша өңірлік бөліністе ең жоғары жалақы Хромтау ауданында. 111 801 теңгені құрайды, бұл облыстық көрсеткіштен 1,1 пайызға артық. Төменгі жалақы Мәртөк ауданында, 59752 теңге. Облыс бойынша орташа деңгейден 38,6 пайызға төмен. Тапқан табысымыз жалақымен жарыса өсетін азық-түлік бағасы мен коммуналдық төлемдерден ауыспайды дейді тұрғындар. Ел қатарлы өмір сүріп, көштен қалмау үшін, кем дегенде ай сайын жүз мың теңге табыс табу керек деген пікірде. Орташа айлық жалақы мөлшері жөнінен біздің өңір республика бойынша сегізінші орында тұр. Ең жоғары жалақы - Атырау, Маңғыстау облыстарында. |
Количество показов: 2395
Дата создания: 29.07.2013 18:47:34