Маусым айында қалада қызмет түрлері қымбаттады
Облыс бойынша маусым айында азық - түлік тауарларының ішінде көкөністердің бағасы біршама қымбаттаған. Бұл бау - бақша маусымының басталуына қатысты дейді статист мамандар. Атап айтқанда, қызылша, сәбіз, картоп, кептірілген жемістердің құны. Темекі өнімдері мен минералды суға деген сұраныс көбейген сайын да бағасы өскен. Қымбатшылық қысқанымен, өңір нарығында сәл арзандаған тауарлар да бар.
Ал өткен айда жұмыртқа, сүт, жоғары сұрыпты ұнның бағасы төмендеген. Есесіне ұзақ қашықтыққа жүру жолақысы шарықтады. Такси қызметі 2,1 пайызға артқан. Жөндеу қызметін, тұрғын - үйлерді күтіп ұстауды кәсіпке айналдырған ақтөбеліктердің еңбекақысы көтерілді. Оларға енді тұтынушылар 3,4 пайызға артық төлейтін болды.
Теміржол көлігінің құны қымбаттады. Әсіресе алыс жолға қамданғандардың қалтасы қалың болуы керек. Мәселен шет елге шығуды көздейтін жерлестеріміз доллардың құнының артқанын ескере отырып, қаржыларын есептеуі керек. Бас ауырып, балтыры сыздаған тұрғындардың қалта шығыны маусым айында көптеу болды. Әсіресе аурухана қызметіне жүгінгендердің. Сондай - ақ жазғы еңбек демалысын тиімді пайдаланғысы келетіндердің қалтасы қалың болғаны абзал. Өткен айда демалу-сауықтыру қызметі 2,1 пайызға қымбаттаған.
|
Количество показов: 2284
Дата создания: 04.07.2013 18:44:31