Магистральды су таратқыш жарылып, Сазды ауданының тұрғындары ауыз сусыз қалды
Ұрған үстіне жұдырық. Коммуналдық мекемелер көшелерді қар суынан құрғатып үлгермей жатқанда бүгін таңда Ғазиза Жұбанова көшесінде магистралды су құбыры жарылды. Сазды ауданын су алып кетті. Тұрғындар ауыз сусыз қалды. "Ақбұлақ" АҚ-ы жағдайды реттеуге кірісіп кетті. Жұмысқа кедергі келтірмес үшін Ғ.Жұбанова көшесі бойында көлік қозғалысына уақытша тиым салынды. Соған қарамастан, құбырдан атқылаған суды тоқтату оңайға соқпады. Ылғал Әбілқайыр хан даңғылына дейін жетті. Сорғылау жұмыстары ұзаққа созылды. Қала әкімінің орынбасары Геннадий Дудаковтың айтуынша, диаметрі 500 мм-лік шойын құбыр жарылған. Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін судың қысымы азайтылған.Монополист компания "Ақбұлақ" АҚ-ның су тарату жүйесі 800 шақырымға созылып жатыр. Құбырдың әбден тозығы жеткен. |
Количество показов: 2262
Дата создания: 19.03.2013 19:20:17