Мәжіліс депутаттары жылыжайға барды
Өңірімізде іссапармен жүрген ҚР Парламент мәжілісінің депутаттары Глеб Щегельский мен Ерген Дошаев бүгін қала сыртындағы қызанақ жылыжайында болып, оның жұмысымен танысты. Мәжіліс депутаттары "Ізет Грин хаус" серіктестігі басшылығына өндірісті өсіру керек деген ұсыныс айтты. Ал қызанақ өсірушілер болса мемлекеттен көмек болса деген тілектерін білдірді. "Ізет Грин Хаус" жылыжайы 2010-жылы салынды. Соңғы екі жылда өнім беріп келеді. Өндіріс қуаттылығы 1500 тонна. 2011-жылы 1100 тонна көлемінде алғашқы өнімді берген. Ал былтыр 1650 тонна қызанақ жиналған. Бүгінде күн сайын 4 тонна өнім алынады. "Ізет Грин Хаус" серіктестігі басшылығының сендіруінше қызанақтар келісіне 450-650 теңгеден қаладағы ірі супермаркеттерге өткізіледі. Алдағы уақатты серіктестік қияр және гүл өсіретін жылыжайлар салуды жоспарлап отыр. |
Количество показов: 2052
Дата создания: 08.04.2013 18:51:38