Облыста бастауыш сынып оқушыларының жартысынан көбі дәстүрлі оқуды бастайды. Ал онлайн сабақ ватсап немесе электронды пошта арқылы емес, бекітілген білім платформасында жүреді. Сондай-ақ жаңа оқу жылында үй тапсырмасы мен бағалау жүйесі жеңілдетілді. Ал бірінші қаңтарға дейін оқушылардан мектеп формасы талап етілмейді. Сондай-ақ, облыстағы көпбалалы отбасынан шыққан оқушылар үшін 25 мың теңге көлемінде көмек қарастырылған. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстың білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева айтты. Биыл білім күні онлайн режимде өтеді. Ал сабақ келесі күні басталады. Облыс бойынша 402 мектептің жартысы дәстүрлі білім береді. 15 мыңнан астам бала мектепке барып сабақ оқиды. Оқушылар аптасына 3 немесе 4 күн оқуы мүмкін. Бұл сабақ кестесіне байланысты болады. Онлайн сабақ арнайы білім платформасында өтеді. Қашықтан оқудың уақыттары бекітілген. Теледидарда өтетін сабақтар оқушылар үшін тек қосымша көмек болмақ. Қашықтан оқитын балалар үшін ең маңыздысы - интернет желісінің болуы. Қазір бұл аудандарда ғана емес, қалада да жауыр болған мәселе. Екі ай бойы талдау жүргізген білім басқармасы облыс бойынша 27 мыңнан астам оқушыға интернет қолжетімсіз екенін анықтады. Ақтөбеде 10 мыңнан астам бала ғаламтор желісін пайдалана алмай отыр. Ал "Қазақтелеком" қызметіне қосылмағандар үшін басқа байланыс операторлары бар және әмбебап роуторлар іске қосылады. 10-шы қыркүйекке дейін барлық оқушы интернетпен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, басқарма басшысы ата-аналарды әр балаға 40 мың теңгеден беріледі деген жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды. Облыстағы атаулы әлеуметтік көмек алатын және көпбалалы отбасылар үшін 25 мың теңге көлемінде көмек тағайындалған.
Атаулы көмек алмайтын, басқа да мұқтаж, көпбалалы отбасылар балаларының сынып жетекшілеріне хабарласып, 25 мың теңгенің көмегін алуға өтініш білдіруге болады. Көмек ақшалай емес. Бұл сомаға киім мен оқу құралдары беріледі. Сұрақтар бойынша облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаеваның 87017220563 ватсап нөміріне хабарлама қалдыруға болады.
Количество показов: 1420
Дата создания: 27.08.2020 19:30:23
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>