Мәскеу ауданын қардан аршу жұмыстары баяу жүріп жатыр
Мәскеу ауданында ұзына бойы жатқан Чехов көшесінде жүздеген отбасы тұрады. Ескі үйлер асфальттан тым аласа орналасқан. Ылдидағы үйлер онсыз да төмен тұрғандықтан тау боп үйілген қардан көрінбей қалыпты. Осы көшеде 25 жылдан бері тұратын Нұрзада Ермағанбетова биыл қыста үйінің маңынан бір де бір қар аршушы техника өтпегенін айтады.Көршісінің пікірін Жұмабике Өмірзақова да құптайды. №25 үйдің иесі бүгіндікке қалалық тұрғын үй- комманулдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне бірнеше мәрте қоңырау шалған. Ешкім телефон тұтқасын көтермеген. Көктем жақындағалы бұл көшенің тұрғындарында үрей күшейген. Қаланың қақ ортасында отырып суға кеткіміз келмейді,- дейді олар.
Тұрғындардың мәселесі бойынша құзырлы мекемеден мынадай жауап естідік. Ақпан айының ортасынан бері Мәскеу ауданының қарын бақандай 5 мердігер компания аршып жатыр. Жұмыстар кесте бойынша жүргізілуде. Қыс басталғалы қала сыртындағы үш полигонға 102 мың текше метр ақ ұлпа шығарылған. Қала бойынша қар шығаруға барлығы 8 компания жауапты. Олардан 12 бригада жұмыс жасап жатыр. Қар шығару жұмыстарына қаңтар және ақпан айларына 280 млн теңге бөлінген.
Количество показов: 807
Дата создания: 25.02.2020 18:18:30
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>