"Мұнайшы" лагері балаларды қарсы алды
"СНПС-Ақтөбемұнайгаз" акционерлік қоғамы балалардың жазғы демалысын жақсы өткізуге жағдай туғызып отыр. Кеше компанияға қарасты "Мұнайшы" лагері жазғы маусымын бастады. Демалыс орнында биыл 1800 бала демалуға мүмкіндік алды. Бұл-былтырғымен салыстырғанда - екі есеге көп. "Мұнайшыдағы" жазғы демалысты балалар асыға күтеді. Өйткені, лагердегі әрбір күн- демалушыларға қуаныш сыйлайды. Жазғы маусымның ашылу салтанаты биыл да ерекше өтті. "Қиял" әлеміндегі әрбір жасақтың өз ұраны, әні мен биі бар. Мерекелік жиынның басты кейіпкерлері де- балалар. Лагерь маусымының ашылу салтанатына қатысқан "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ кәсіподақ ұйымының төрағасы Сапи Жантохов балаларды құттықтап, демалысты көңілді, пайдалы өткізуге тілегін білдірді. Лагердің демалыс маусымы 6 ауысымға бөлінген. Әрбір маусымның ұзақтығы-12 күн. Демалушылардың көпшілігі- компания қызметкерлерінің балалары. Жұмысшыларының әлеуметтік жағдайына ерекше көңіл бөлетін компания биыл жолдама санын да көбейткен. Қызметкерлер жолдама құнының тек он пайызын төлейді. Негізгі шығынның 70 пайызы компания тарапынан, ал 20 пайызы кәсіподақ ұйымынан өтеледі. "Мұнайшыдағы" он екі күн демалыс кезінде балалар зерікпейді. Өйткені, компания басшылығы мамандарды іріктеуге де үлкен талап қойған. 24 тәжірибелі тәрбиеші, 4 медицина қызметкері балалардың алаңсыз демалуы үшін еңбек етеді. Балалар алты мезгіл тамақтанады. Мәзірге жеміс-жидек, құнарлы тамақтар енгізілген. Мұнан бөлек сауықтыру шаралары да өткізіледі. Балалар күн сәулесі ваннасын, нүктелі массаж қабылдап, оттегімен байытылған коктейль ішеді. Лагерь балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын үздік ұйымдастырғаны үшін бірнеше мәрте ҚР кәсіподақ ұйымдары Федерациясының дипломымен марапатталған. |
Количество показов: 3014
Дата создания: 13.06.2013 19:29:10