Мүмкіндігі шектеулі үш кәсіпкер ақшалай көмек алды
Бүгін республикалық "Жұлдыздарға қара" жобасы бойынша ақтөбелік үш кәсіпкер ақшалай көмекке қол жеткізді. Оларға "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының облыстық бөлімшесінде 100 мың теңгеден сыйақы төленді. Қараған сыпырғыштарын әзірлеу және сатумен айналысатын кәсіпкердің өтініші бойынша оған "Нива" көлігі табыс етілді. Шынар Теміралина 2-ші топтағы мүгедек. Жасы 31-де. Қазір Ақтөбе автожолдары колледжінде лаборант болып жұмыс жасайды. 2 жастағы ұлын өзі тәрбиелеуде. Өткен жылы мемлекеттік пәтерге қол жеткізген, қазір тек коммуналдық шығындарды өз қалтасынан төлейді. Шынар бос уақытында көрпе, жастық тігумен айналысады. Ұлттық ою-өрнек салып қыз жасауын жасайды. Оның қолынан шыққан той қоржындарына тапсырыс берушілер де бар екен. Енді осы көркем өнерді кәсіп еткім келеді дейді Шынар. Республикалық жұлдыздарға қара жобасы елімізде 2005 жылдан бері жүзеге асып келеді. Осы жоба арқылы биыл 25 шілдеде ақтөбелік екі жарымжан жан кәсіпкер атанған. Бүгінгі екінші кезеңде қол жеткізгендердің саны үшеу. Шынардан басқа, 61 жастағы Владимир Сердюк бар. Сыпырғыш әзірлейтін кәсіпкер 2-ші топтағы мүгедек. Тәжірибелі жүргізуші жобаға қатысқанда автокөлік сұраған. Ал, Хромтау ауданының тұрғыны 34 жасар Қарлығаш Исаева да іскер әйел. 1999 жылы денсаулығы күрт нашарлаған мүмкіндігі шектелген жан іс тігіп еңбек еткісі келеді. Айта кетерлігі, даму кәсіпкерлікті дамыту қоры биыл аталған жандардан басқа тағы 26 мүгедек жанға көмек қолын созған. Жыл бойы кәсіп ашқысы келетін 60 жарымжан жан көмек сұрап арызданған. Облыстық даму қорының бас маманы Берік Нұрғалиевтің айтуынша, "Жұлдыздарға қара" республикалық жобасы келесі жылы жалғасын табуы мүмкін. |
Количество показов: 2608
Дата создания: 21.12.2012 19:33:51