Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау орталығы ашылды
Жобаның мақсаты мүмкіндігі шектеулі азаматтарға психологиялық қолдау көрсету, жұмысқа орналасуға көмектесу және оларды қоғамға бейімдеу мақсатында тұрмыстық және әлеуметтік дағдыларға үйрету. Мұндай орталық облыс бойынша алғаш рет іске қосылды. Бүгінгі күні облыста 27 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат тұрады, оның 4 мыңнан астамы балалар. Жыл соңына дейін 200 азаматқа қызмет көрсету жоспарланып отыр. Қызмет көрсету барысында олардың қабілеті мен дағдыларын ескере отырып жұмыс іздеуге және жұмысқа орналастыруға көмектеседі. Жұмысқа орналастыру қалалық жұмыспен қамту орталығының жолдамасы негізінде, сондай-ақ мүгедектер мен олардың отбасыларының жеке өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
Ағымдағы жылы "Тең қоғам" орталығында 80 адамды еңбекпен қамту жоспарланып отыр. Осы жылдың 1-ші шілдесіне дейін 479 мүгедек тұрақты және уақытша жұмыспен қамтылды.
Количество показов: 673
Дата создания: 03.07.2021 18:26:49