Елімізде мүлікке тыйым салу тәртібіне өзгерістер енгізілді. Сәйкес заңға осы жылғы 27 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Заң алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енді. Енді мүлікті сатуға шығарған сот орындаушы оған бұған дейін салынған тиымдардың барлығының күшін жоя алады. Борышкердің мүлкіне әртүрлі атқарушылық іс жүргізу шеңберінде екі және одан да көп сот орындаушы тыйым салуы мүмкін. Аукцион арқылы мұндай мүлікті сатып алатын адам оған салынған аресттердің күшін жойғызу үшін сот орындаушыларына жеке-жеке жүгінетін. Кейде сот орындаушылары бас тартып, сатып алушы сотқа арызданып жатады. Заңдағы өзгеріс осы келеңсіздіктердің жолын кеседі.
Азамат Бердібековтың айтуынша, заң жүзінде оңтайландырылып отырған тағы бір мәселе балаларға алимент өндіруге қатысты. Бұл тұрғыда сот орындаушыларына қатысты қолданылатын жаза қатаңдатылмақ.
Количество показов: 1066
Дата создания: 22.07.2020 18:36:41
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>