Мүгедек қызды зорлаған ақтөбелікке үкім шықты
Бұған дейін қылмыстық- процестік заңнаманың бұзылуына байланысты іс прокуратураға қайтарылған. Зорлық көрген қыздың туыстары "Немолчи" қоғамдық қорынан да көмек сұраған. Бұл туралы қор өкілі Дина Таңсәрі өзінің әлеуметтік парақшасында хабарлаған еді. Сотпен анықталғандай, 2017 мен 2019 жылдар аралығында айыпталушы шарасыз жанды бірнеше рет зорлаған. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты айыпталушының жазасы жеңілдетілген. Баспасөз қызметі хабарлағандай, сотталушыдан қылмыстық жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.
Естеріңізге сала кетейік, сотталушы бала кезінен ДЦП диагнозы бар екінші топтағы мүгедек қыздың дәрменсіз күйін пайдаланып, зорлаған. Мүмкіндігі шектеулі жанның анасы қатаң жаза тағайындауды сұраған еді.
Количество показов: 786
Дата создания: 18.06.2020 19:07:20