Ұлттық құндылықтар-тәрбиенің төресі
Күні кешеге дейін әжелеріміздің басқан киізі әр үйдің төрінде төселіп, қабырғаға ілініп тұрушы еді. Бүгінде бұл қолөнер бұйымы заман талабына сай қолданыстан шықты. Тіпті, оның жасалу әдісі де көптің көкейінде ұмыт болып келеді. Бүгінгі көрмеде көне дәстүріміз жаңғырғандай. Ұлттық құндылықты дәріптеуді ұлттық ойындар, дәстүрлер және қазақы нақыштағы әшекей бұымдар арқылы беруге болады.Сонымен қатар ұлттық салт дәстүр мен әдет ғұрыпты дәріптеу кезінде ер бала мен қыз балаға және отбасыда атқарылатын міндеттер бар. Мысал үшін бір отбасыға жылу беретін рөлі бар дейді мамандар. Ал, диерменді тартып, ұршық иіру қыз баланы шыдамылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеуге болатынын айтады.Ұлттық жаңа сананы ұлттық құндылықтар арқылы қалыптастыруға болады. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» –ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Дәл осы құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Білім беру кеңістігі кеңеюде. Семинарда ұлттық құндылықтар негізінде үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу мәселелері де талқыланды.Сонымен қатар ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық және әлеуметтік құзыретерін дамытып, жүйелі педагогикалық қолдау ұйымдастыру маңызды.Количество показов: 162
Дата создания: 20.12.2024 06:17:26