Ұлттық банктің Ақтөбе филиалында жаңа басшы
Ұлттық банктің жергілікті филиалын Кеңес Одағы кезінен мінсіз басқарып келген басшы Жұмабай Шаңқатұлы директорлық қызметінен босатылды. Зейнет жасына жеткені үшін. Болмаса, өз ісінің білгірі елдің басты банкінің облыстық бөлімшесін әлі де басқарар ма еді. Жұмабай Жандәулетовтың орнына қарашаның 12-де Перизат Әсімбетова тағайындалды. Перизат Шәкәрімқызы банк ұжымына бөтен адам емес. Осында 21 жылдан бері қызмет етіп келеді. 90-жылдары операциялық бөлім кассасына қабылданған ол қызметтің түрлі сатысынан өтіп, директорлық қызметке дейін экономикалық талдау және статистика бөлімінде бастық болған. Қаржы мекемесінің қазанында қайнап жүрген маман облыстың қаржылық ахуалын жақсы білетіндігін байқатты. Бүгінгі баспасөз-маслихатында әйелдердің зейнеткерлік жасын ұлғайту жайы қозғалды. Жаңа басшыны таныстыра келген Ұлттық банк өкілі Дина Ғалиева үкіметке осындай ұсыныстар енгізілгендігін хабарлады. Бұл ұсыныстарды үкімет әзірлеп, парламент қабылдайтын болса, Қазақстан әйелдерінің зейнеткерлікке шығу жасын он жылдың ішінде 63 жасқа жеткізу жоспарланып отыр, деді Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Дина Ғалиева. Теңгенің жайына келсек, Астаналық мейман қазір ұлттық валютамыз тұрақталды, теңге бағамы тиісті шамада деді. |
Количество показов: 2595
Дата создания: 14.11.2012 18:56:33