Ливенцов көшесінде жөндеу жұмыстарын жүргізген жұмысшылар іздерін жинамай кеткен
Ливенцов көшесіне асфальт төсеген мердігер компания өкілі жаяу жүргіншілер жолындағы кедергілер бүгіннен қалмай алынатынын айтты. Жөндеу аяқталғалы жұмыс орындары біртіндеп қалпына келтіріліп, құрылыс қалдықтары әкетіліп жатқанын хабарлаған учаске басшысы бұған дейін үлгере алмағандарын жеткізді. Айта кетейік, биыл қалада 97 көшені жөндеу жоспарланған. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде осы жылы қаланың, қала маңындағы аймақтар мен елді мекендердегі 171 шақырым жолды жөндеуге республикалық бюджеттен 13,9 миллиард теңге бөлінді.
Количество показов: 693
Дата создания: 02.11.2020 20:20:26