Әлеуметтік желіде дәрі сатушыларға айыппұл салынды
Әлеуметтік желілерде дәрі саудалаушыларға айыппұл салынады. Бұл дәріханаларға келген дәрмекті көп мөлшерде сатып алып, қайта сатып пайда көруді ойлағандардың жолына тосқауыл болмақ. Арнайы мониторингтік топ мүшелері кешеден бастап шаһардағы барлық дәріханаларды тексеріп жүр. Бақылаушы топ мүшелері екі күн бойы Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы 50-ден аса дәріханаға бас сұққан. Қазір халық аузында жүрген парацетамол, аспирин, гепарин, метрогил, цефтриаксон препараттарының "Айболит", "Миллениум", "АРС" секілді ірі дәріханалар желісінде жоқ екеніне көз жеткізген. Мониторингтік топ сондай-ақ, халық тікелей байланыса алатын шұғыл желілердің жұмысын да қарап отыр. Әлеуметтік желілерді тексеріп, дәрі-дәрмекті үстеме қақымен саудалаушыларды анықтады. Екі күннің ішінде "Дексаметазон", "Триаксон" препараттарын үш есе қымбатына сатқан тұлғалар ұсталған. Салынған айыппұл мөлшері де қомақты, 83 мың теңге.
Кеше ғана ел президенті елімізде дәрі-дәрмекке қатысты мәселенің күрделеніп кеткенін жазды. Сондықтан дәрінің қақысы тұрақтанбайынша мәселені өз бақылауына алатынын жеткізді. Дегенмен қаланың ескі бөлігінде дәріханалар алды босаған. Кезек байқалмайды. Президенттің тапсырмасына сәйкес, мониторингтік топ өкілдері дәріханаларға бақылау жұмысын жалғастыра береді. Жоспар бойынша ескі қала, Тұрғындар қалашығы, қала іргесіндегі ауылдардағы нысандарды араламақ.
Количество показов: 758
Дата создания: 09.07.2020 19:18:35
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>