Үлескерлер ісі бойынша сот басталды
Үй аламын деп аузы күйгендердің бірі Мәрзия Исеналиева. Ол осыдан 4 жыл бұрын үш бөлмелі пәтерге қол жеткіземін деп серіктестік басшысына 9 млн теңгеден астам қаржысын ұстатыпты.Үйдің құрылысы аяқталсын деп тағы қаржысын салады. Алайда 4 жылдан бері уәде етілген баспана да, ақша да жоқ. "Safina" тұрғын үй кешенінің басшысы үлескерлерді 2,5 млрд теңгеге алдап кеткен. Жәбір көргендердің тізімінде 480 адам бар. Тұрғын үй кешенінің басшысы мен серіктестік директоры жауапқа тартылып жатыр. Олар 2019-2023 жылдар аралығында 12-ші ықшам және «Алтын Орда» аудандарында салынып жатқан көпқабатты үйлерден пәтер береміз деген желеумен үлескерлердің 2,5 млрд. теңге қаражатын иемденген.Количество показов: 512
Дата создания: 11.05.2024 06:19:30