Үлескерлер дауы бітер емес
Жиналғандар “Строй с нами” құрылыс компаниясына алданып қалғандарын айтады. Тірнектеп жиған-тергенін армандаған үйіне салғандардың қарасы көп. Енді үй де, ақша да жоқ,-деп налиды сан соғып қалған халық. Бүгін жиналған 12 адамның өзі, жүздеген миллионнан астам ақша салған.Зардап шеккендер аталған компанияға 800 мыңнан 20 миллион теңгеге дейін салып жіберген. Уайымнан денсаулығы сыр беріп, тіпті отбасы бұзылғандары да бар. Бір адамның кесірі қаншама отбасыны бұзып отыр. Бұл компанияға сеніп, соңғы ақшамызды салдық, ақырында үмітіміз үзілді. Пәтер жағалап жүрміз,-дейді олар. Жақында қылмыстық іс жабылған. Бірақ зардап шеккендер мұнымен тоқтамаймыз деп отыр. Талап-салған ақшамызды қайтарып берсін, құр уәдемен сендірмей, іске көшсін. Қашанғы біз өз ақшамызды қайтара алмай жүреміз. Үй салып беремін деген уәдесін тоқтатсын. Себебі осы жылы да аталмыш компанияға сеніп, ақшасынан айырылып жатқандар бар. Әлі де әлеуметтік желіде жарнамасы жер жарады. Жылтыр жарнамаға басқа да адамдар алданып қалмаса екен,-дейді олар.
Количество показов: 398
Дата создания: 11.09.2024 09:37:31