"КТП" ЖШС Мәскеу ауданынан қар шығарып жатыр
Қаланың қарын аршумен айналысатын мердігер мекемелердің жұмысы қызу. Мәскеу ауданындағы көшелерде үйілген қар төбелері бірінен соң бірі алынып жатыр. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин мен қалабасы Мавр Абдуллин бүгін мұндағы жұмыс барысымен танысты. Табиғат тосын мінез танытпаса, қаланың қары наурыздың алғашқы он күндігінде толық шығарылып болуы тиіс.
Мәскеу ауданының қарые күреумен "КТП" ЖШС-і айналысып жатыр. Ауданда 43 көше бар. 7 көшенің қары аршылған. Соның көлік нөпірі көп үш көшесінде жұмыстар бір қыста 2 қайтара жүргізілді. Қазір техника 3 көшеде жұмыс істеп жатыр. "КТП" ЖШС бұдан бөлек Ясный ауылында жолдарды аршумен айналысып жатыр. Қала сыртындағы елді мекендерде қызыл судың алдын алу жұмыстары әлдеқашан басталған. Сондай-ақ, аймақ басшысы Оңдасын Оразалин жолдарды жамау жұмыстарын осы бастан қолға алуды тапсырды. Өткенде күн аяқасты жылып кеткен уақытта асфальтта шұрық-тесіктер пайда болды. Бүгін әкім Сәңкібай батыр даңғылында жолдың жайымен танысқан. Сәңкібай батыр даңғылының 12-ші ықшам аудандағы айналма жолдан Ә. Молдағұлова даңғылына дейінгі бөлігінде қазір ой-шұңқырларды таспен бітеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Количество показов: 917
Дата создания: 13.02.2020 18:44:44