"Крещения Господне" мерекесіне дайындық пысықталды.
Облыс аумағында 100 мыңнан астам православ христиандары тұрады. Жыл сайын дін өкілдері "Крещение Господне" мерекесін атап өтеді. Суға шомылып,шоқыну рәсімін орындайды. Облыс бойынша бұл рәсімді өткізуге 16 су айдыны қарастырылған. Оның ішінде қала аумағында 3 ойық белгіленді. Қазір қала аумағында су айдындарындағы мұздың қалыңдығы 30 - 32 см құрайды. Ал, қаңтардың 18 - і мен 19 - ы күндері ауа райының орташа температурасы күндіз - 9, - 11, түнде - 17, - 20 градус болады. Суға түсер алдында адамдар тамақтануы тиіс, дене жаттығуларын жасап, қыздырынуы да керек. Сондай - ақ, шұңқырға тайғақ емес аяқ киім киіп, өзімен бірге сүлгі әкелгені жөн. Суда 30 сек - тан артық болуға болмайды. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыс бойынша 111 адам, оның ішінде 54 құтқарушы, 34 полиция қызметкері және 23 дәрігер жұмылдырылады. Сондай - ақ, жалпы 46 техника қарастырылған. Ал, қала аумағындағы су айдындарында 24 құтқарушы мен полицейлер, дәрігерлер қызмет көрсетеді. 9 жылыту пункті де дайын. Айта кетейік, белгіленбеген жерде ойыққа түсіп, шоқыну рәсімін орындағандар 7 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.Количество показов: 448
Дата создания: 17.01.2024 23:04:49