Коронавируспен күресте алдыңғы шепте жүрген мамандар баспаналы болды
Індет кезінде тынымсыз қызмет етіп, күшейтілген режимде жұмыс істеген тәртіп сақшылары мен ақ халаттыларға құрмет көрсетілді. Қысылтаяң кезеңде қызметтік және азаматтық борышын адал орындап жүрген мамандар қатарында 12-ші мөлтек ауданның учаскелік полиция инспекторы Дастан Сұлтанғалиев те бар. 18 жыл осы салада еңбектеніп жүрген полиция капитаны бұған дейін пәтер жалдап тұрған. Төрт баласы бар. Жақында бесіншісі дүниеге келмек. 43 жастағы Дастанның өмірлік ұстанымы - қандай қиындық болмасын төзіп, жеңе білу керек. Басты мақсат - халық амандығы. Аса қауіпті жұқпалы індетпен күресте аянбай қызмет еткен дәрігерлер қандай марапатқа да лайық. Жаңа пәтерлерінің кілтін иеленген қызметкерлер облыс, қала басшылығына, түсіністік танытқан тұрғындарға, қолдау көрсеткен әріптестеріне алғыстарын білдірді.
Количество показов: 740
Дата создания: 17.07.2020 21:13:54