Коронавирус жұқтыру жағдайының өршуіне байланыста облыс "қызыл" аймаққа енді
Қазақстанда маусым айынан бері коронавирустың жаңа түрі "үнді штамын" жұқтыру жағдайы көбейді. Облыста індеттің ауыр түрімен ауырған 20 ақтөбеліктің сынамасы тексерілді. Нәтижесінде 9-ында "Дельта" штамы анықталған. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаевтың сөзінше, "Дельта" штамы адамдарға тез жұғады. Бұл індеттің ең ауыр түрі. Вирус жастар арасында көп тараған. Өткен тәулікте 77 ақтөбеліктің ағзасынан тәжвирус анықталды. Ал пневмония бойынша 7 жаңа жағдай тіркелді. Науқастардың 3-еуі қала тұрғыны. Облыста пандемия басталғалы 12 516 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.
Количество показов: 663
Дата создания: 09.07.2021 19:08:00