Коронавирус жұқтырған бірінші ақтөбелік жазылып шықты
Қазіргі кезде инфекциялық, провизорлық және карантиндік госпитальде барлығы 226 адам жатыр. Үйдегі карантинде 763 тұрғын бар. Стационарда жатқан 11 науқастан коронавирус инфекциясы анықталғаны белгілі. Бүгінде 9 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бір науқас айығып шықты. Ол 17 күн бұрын Мәскеу арқылы Италиядан оралған ақтөбелік. Провизорлық орталықта бақылауда жатқандар 14 күнсіз үйлеріне жіберілмейді. Осы аралықта коронавирус белгілері анықталмаса, босатылады. Бас дәрігер, алғашқы тапсырылған тест теріс нәтиже көрсеткенмен екі апта аралығында қосымша сараптама жасалатынын жеткізді. Бұл аралықта барлық сараптама теріс болса, үйіне жебіреліп, тағы он күнге оқшауланады. Дәрігерлер де тұрғындардан өз денсаулығына салғырт қарамауды сұрайды. Көшеде себепсіз жүріп, жеке бас гигиенасын сақтамау өміріңіз үшін қауіпті екенін ескертеді. Өзге де сұрақтар бойынша, үздіксіз жұмыс жасап тұрған Call-центрдің 906-606 нөміріне хабарласуға болады. Бүгінгі таңда 8 мыңнан аса сұрақ келіп түскен. Сауалдардың басым бөлігі штаб- жұмысы мен мемлекеттік мекемелердің жұмыс жасау тәртібіне байланысты.
Количество показов: 886
Дата создания: 07.04.2020 18:54:59