Коронавирус індеті балалар мен жүкті әйелдер арасында беле4 алды
Індет балалар мен жүкті әйелдер арасында белең алды. Мәселен облыста індет жұқтырған 344 бала дәрігердердің бақылауына алынып, оның 23-і стационарлық ем қабылдауда. Олардың жағдайы орташа ауырлықта. Ал жүкті әйелдердің 120-сы бақылауда. Стационарлық ем алып жатқан 41 әйелдің 1-еуінің жағдайы ауыр. Қазіргі таңда инфекциялық ауруханаларда 1043 науқас емделіп жатыр. Соның ішінде қала бойынша 780 адам. Жансақтау бөлімдерінде 95 адам жатыр, оның 20-сы аудан тұрғындары. Жыл басынан бері Ақтөбеге вакцинаның 468 000 дозасы жеткізіліп, 1 компонетпен 230 мыңнан астам ақтөбелік егілді. Бұл жоспардың 51 пайызын қамтыған. Ал 2-ші компонентпен, яғни толық иммунизациядан 167 566 адам өтті. Бұл жоспардың 36 пайызын құрап отыр.
Количество показов: 671
Дата создания: 06.08.2021 20:38:24