Коронавирус инфекциясына қарсы штаб отырысы өтті
Екі күннен бері Ақтөбенің шенеуніктері үлкен қарбалас үстінде. Өңірге үкімет басшысы келді. ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин бастаған делегация кешеден бері кездесулер, басқосулар өткізіп жүр. Жұмыс тобының құрамына ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қосылған. Министр коронавирус инфекциясының таралуына қарсы штабтың жиынына қатысты. Алексей Цой былтыр санитарлық-эпидемиологиялық қызметті күшейту үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті құрылғанын, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің мәртебесі мен өкілеттіктері артқанын еске салды. Оның айтуынша, қалаларда уақытылы медициналық көмек көрсету үшін 16 модульдік аурухана салынған. Жұқпалы аурулар ауруханалары күрделі жөндеуден өтті. Барлық қалаларда 63 амбулаториялық-емханалық ұйым пайдалануға берілді.Облыстағы 24 инфекциялық стационардың 18-і қазір іске қосылған. 795 кереуетте науқастар ем қабылдап жатыр. Штаб отырысында Руслан Хамбаров Ақтөбенің денсаулық сақтау саласының әлеуеті жоғары екенін атап өтті. Аймақта жоғары білікті мамандар жеткілікті. Қалыптасқан жағдайға байланысты биыл да материалдық-техникалық база қосымша жаңартылатын болады.
Количество показов: 620
Дата создания: 22.07.2021 18:18:30